366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық 120 бітімгер Ливанға аттанады

  • 187
  • UPD: 22:09, 03.10.2018
Қазақстандық 120 бітімгер Ливанға аттанады

Бірнеше күннен кейін қазақстандық 120 бітімгер Ливанға аттанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяу шығыста біздің сарбаздар Үндістан қарулы күштерімен бірлесіп жұмыс істейді. Осыған орай бүгін еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев үндістандық әріптесі Нирмала Ситараманмен кездесіп, жауынгерлерге сәт сапар тіледі. 18 жылдық тарихы бар отандық бітімгерлер полкі осыған дейін Тәжікстан, Ирак, Непал және Батыс Сахара аймақтарында қызмет атқарған. Ал бұл жолы жерлестеріміз Ливанда алты ай бойы еңбек етіп, тәжірибе алмасады.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Қазақтандық әскерилерге Ливандағы ұлттық контингент құрамында қызмет етуге мүмкіндік берген Үндістан үкіметіне алғыс білдіремін. Біздің сарбаздар әріптестерінің көмегімен аймақтағы бейбітшілікті сақтауға үлес қосады деп ойлаймын. Олар оқу-жаттығу полигонында барынша дайындықтан өтті.

Нирмала Ситараман, Үндістан Республикасының Қорғаныс министрі:

- Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастық қос мемлекет үшін маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта біз әскери бағытта оқыту және түрлі дайындық жұмыстарын жүргізуге баса назар аударамыз. Енді тараптардың тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік туды.

Хабар 24 телеарнасы