365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайрат Әбдірахманов Үндістанның Қорғаныс министрімен кездесті

  • 145
  • UPD: 23:13, 03.10.2018
Қайрат Әбдірахманов Үндістанның Қорғаныс министрімен кездесті

Еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістанның Қорғаныс министрі Нирмала Ситхараманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда тараптар екі мемлекеттің стратегиялық серіктестігі төңірегінде әңгімелесті. Қайрат Әбдірахманов қазақстандық жауынгерлердің Ливандағы бітімгерлік миссияға Үндістан күштерімен бірге қатысуға берілген мүмкіндік үшін алғысын айтты.

Нирмала Ситхара өз кезегінде қазақ елінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі атқарған жұмыстарын, сосын Сирия мен Ауғанстандағы жағдайды ретке келтіруге қосқан зор үлесін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы