365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырды

  • 461
  • UPD: 15:54, 05.10.2018

«Балалардың 95 пайызы балабақшаға барады. Бұл жоғары көрсеткіш. Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандартын орта мектептер үшін қолданылсын. Біздің балаларымыз – әлемнің балалары. 2019-2021 жылы мектеп құрылысына 50 млрд теңге бөлінсін», - деді Елбасы.

«Баланың 3 ауысымда оқуына жол берілмесін. Ол түн ортасына дейін мектепте отырмауы керек. Келесі жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдансын, - деп тапсырды Президент. Осылайша мұғалімдерді жөнсіз жұмсау тиылады. Тағы бір жағымды жаңалық. 

Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялауда. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Президент Жолдауын «Хабар 24» арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Сондай-ақ «Хабар 24» арнасының сайты Жолдаудың мәтіндік трансляциясын жүргізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы