360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын – Мемлекет басшысы

  • 445
  • UPD: 13:00, 05.10.2018
Келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын – Мемлекет басшысы

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынамын», - деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бойскаут негізінде «Сарбаз» жасөспірімдер клубын құруды тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы