365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы полицейлерді қайта аттестаттаудан өткізуді тапсырды

  • 366
  • UPD: 19:04, 05.10.2018

«Полицейлердің әлеуметтік мәселелері шешілсін».

«Заң факультетін бітірген адамдар полиция болуы тиіс. Полиция кадрлары академия арқылы іріктелуі керек. Полицейлердің жаңа стандарты бекітілсін. Барлық қызметкерлер қайта аттестаттаудан өтсін», деді Елбасы өз Жолдауында.

«Полиция жұмысын сервистік модельге ауыстырған жөн. ІІМ қызметін бағалаудың басты критерийлері – қоғамның сенімі және тұрғындардың қауіпсіздікті сезіну деңгейі болуы шарт».

«Заң мен құқықтың үстемдігі – біз бастаған реформалардың табысты іске асуының басты факторы», деді Мемлекет басшысы.

«Заң үстемдігі – ең басты нәрсе. Көшедегі полицей – Президенттің өкілі. «Полицейлерді жұмысқа алуды шет елдердің тәжірибесімен жүргізу керек».

«Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасы әзірленеді. Реформа 2019 жылдың басынан басталуы тиіс», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғаушыларды дайындайтын жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін өзгертуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы