365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: 2019-2021 жылдары мектеп құрылысына 50 млрд теңге бөлінсін

  • 307
  • UPD: 13:57, 05.10.2018
Елбасы: 2019-2021 жылдары мектеп құрылысына 50 млрд теңге бөлінсін

«Орта білім жүйесінде негізгі қадамдар айқындалды. Енді олардың орындалуына екпін қою керек».

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту әдісінің жүйесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс».

«Баланың 3 ауысымда оқуына жол берілмесін. Ол түн ортасына дейін мектепте отырмауы керек. Келесі жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдансын», - деді Елбасы.

Сондай-ақ Елбасы қазіргі күнде мектептердің 80 пайызы және балабақшалардың 58 пайызында бейнебақылау камералары тұрғаныдығын мәлімдеді.

«2021 жылға дейін мектептер мен балабақшалар 100 пайыз бейнебақылау камераларымен жабдықталсын», - деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы