366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Жолдауы. Тапсырмалар мен ұсыныстар

  • 915
  • UPD: 22:05, 05.10.2018
Елбасы Жолдауы. Тапсырмалар мен ұсыныстар akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі мен табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға арналған.

1. Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын.

2. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет.

3. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс.

4. Мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемаларын шешу үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын.

5. Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын.

6. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын.

7. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын.

8. Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын.

9. Полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс.

10. Үкіметтегі, мемлекеттік органдардағы ұзақ отырыстар мен кеңестердің санын азайтып, құжат айналымын ретке келтіру керек.

11. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

12. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.

13. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек.

Хабар 24 телеарнасы