360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

М.Әшімбаев: «Нұр Отан» әрбір қазақстандыққа Жолдауды түсіндіруі тиіс

  • 184
  • UPD: 23:31, 05.10.2018

Елбасы Жолдауында көрсетілген басымдықтардың мәні мен маңызын әрбір қазақстандыққа түсіндіру – «Нұр Отан» партиясының негізгі міндеті. Бұл туралы бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев саяси ұйымның құрылымдық бөлім және аймақтық филиал басшыларымен кездесуінде айтты.

Жолдауда көрсетілген барлық басымдық миллиондаған қазақстандықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыратыны сөзсіз. Ал бұл – әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды көздейтін Қазақстан үшін басты талаптардың бірі. Осы мәселеге ерекше назар аударған Мәулен Әшімбаев Елбасы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тарихи құжат екенін айтты.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту жайына ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысы бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырды. «Бұл – кәсіптен нәсіп тауып отырғандар үшін үлкен көмек», – дейді «Ақ жол» партиясының мүшелері.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

– Елбасымыз амнистия өткізу керек дегенде, залда отырғандар қуанып кетті. Бірақ Елбасымыз айтқандай, ол мәселе салықты жалпы кешіру емес. Бұл деген салық үстінде, негізгі сома үстінде қосқан айыппұлдарды алып тастау. Айыппұлдары, пенялары өскеннен кейін олар кейде тіпті өз салығынан 2-3 есе көп болып кетеді. Салдарынан кей кәсіпкерлеріміз шығынға ұшырап кетеді. Ол дұрыс емес. Қазір айыппұлды алып тастаса, шағын және орта кәсіпкерлікке үлкен жеңілдік болайын деп тұр.

Хабар 24 телеарнасы