366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Сыртқы саясатта ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілету – заман талабы

  • 133
  • UPD: 10:59, 06.10.2018

«Қазақстан қарыштап дами түсу үшін сыртқы саясатта бейбітсүйгіштік бастамаларды көтеріп, оларға қолдау көрсетуді жалғастыра беруі қажет».

Мұндай ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында жариялады. Бүгіннің өзінде еліміз әлемдік саясатта өзіндік орнын қалыптастырды. Жыл басында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығын абыроймен атқарды. Қауіпсіздік кеңесінде Елбасының қатысуымен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенімді нығайту шаралары» тақырыбында пікірталас өтті. Маңызды міндет жүктелген бір ай ішінде еліміз 30-дан астам жиынға ұйытқы болып, бірнеше тұжырымдаманың қабылдануына септігін тигізді. Президент Ақ үй қожайыны Дональд Трамппен жеке кездесіп, АҚШ-пен стратегиялық серіктестік жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді. ТМД елдерімен де татулығымызді бекем. «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Сирия соғысын тоқтату үшін Астана бейтарап алаң ұсынып, тиімді келіссөз форматын қалыптастырды. Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс істеуде. Жалпы бұл еліміздің сыртқы саясатта атқарған істерінің бір парасы ғана. Әлбетте кідіріп қалмау маңызды. Сондықтан Елбасы қазіргідей күрделі жағдайда сыртқы саясатта ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілетудің заман талабы екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Наш миролюбивый курс и четко определенные в этой сфере приоритеты полностью себя оправдывают. Отношение Казахстана с Российской Федераций является сегодня эталоном межгосударственных связей. И мы продолжим это направление. 

Успешно функционирует ЕАЭС, который состоялся как полноценное интеграционное объединение и активный член мировых экономических отношений. Открыта новая страница взаимодействия в Центрально-Азиатском регионе. Поступательно развивается всестороннее стратегическое партнерство с КНР – один из важных пунктов нашей внешней торговли. Программа «Один пояс, один путь» придала новый импульс нашим отношениям с Китаем, вы это знаете. Сейчас мы выполняем совместную программу с КНР о строительстве более 50 крупнейших объектов.

Хабар 24 телеарнасы