360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясына Қазақстан-Ресей достығы негіз болды

  • 203
  • UPD: 09:51, 07.10.2018

Каспий мәртебесі бойынша жасалған келісімге Қазақстан-Ресей достық қарым-қатынасы негіз болды. Саясаткер Григорий Трофимчук осылай дейді.

«Екі мемлекет арасындағы экономика, саясат және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық аймақтағы интергацияның дамуына оң ықпал етіп отыр» дейді сарапшы.

Григорий Трофимчук, саясаткер:

- Ресей мен Қазақстанның Каспий бойынша ұстанымдары осы теңіз маңы мемлкеттерінің әріптестік әрекетіне үлгі болды. Ресейдің Қазақстанға инвестициясы жыл соңына дейін 1 жарым миллиард долларға жетеді. Ал Қазақстанның біздің елге құйған инвестициясы 600 миллион долларға жуықтайды. Егер осы мәліметтерге қарасақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы