366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастардың әлеуеті зор

  • 106
  • UPD: 13:50, 09.10.2018

Қазақстан ядролық қауіпсіздік пен аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып жүр.

Еуроодақ пен Қазақстан арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан және оның болашағы зор. Бұл туралы Еуроодақтың энергетика бойынша комиссары Марош Шевчович мәлімдеген.

Марош Шевчович, ЕО энергетика бойынша комиссары:

- Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қатынастардың әлеуеті зор. Табиғи қорға бай қазақ елі бірқатар салаларда маңызды орын алып жатқанын білеміз. Атап айтқанда, ядролық қауіпсіздік пен атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалануда көш бастап тұр. Қазақстанда бірнеше рет болып, елдеріңіздің даму қарқынына таң қалдым. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық энергетикалық диалогтағы рөлін атап өткім келеді. Бұл климаттың өзгеруіне байланысты сындарлы шешімдер іздеп жүрген бүкіл әлем қауымдастығы үшін маңызды.

Хабар 24 телеарнасы