366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Әл-Азһардың Бас имамымен кездесті

  • 194
  • UPD: 21:10, 09.10.2018

Мемлекет басшысы Әл-Азһардың бас имамы шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар24».

Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шейх Ахмад ат-Тайеб форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері мен оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Бізді Әл-Азһар университетімен ертеден орнаған қарым-қатынастар байланыстырады әрі оның ғалымдарының еңбектерімен таныспыз. Сіздің съезге қатысуыңыз ортақ ісімізге қосылған зор үлес болатынына сенімдімін.

Ахмад Ат-Тайеб, шейх, Әл-Азһардың бас имамы:

– Менің Қазақстанға алғаш сапармен келген кезімнен бері Астана қатты өзгерген. Мұнда көптеген әдемі ғимараттар бой көтеріпті.

 

Хабар 24 телеарнасы