365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевке бірқатар тапсырма берді

  • 128
  • UPD: 21:11, 09.10.2018

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар24».

Кездесуде Елбасына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді. Асқар Жұмағалиев шетелдің ірі инвесторлары үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі жан-жақты таныстырылған.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Сіздің АҚШ пен Ұлыбритания елдеріне жасаған сапарларыңыз барысында қол жеткізген келісімдерді іске асыру бойынша Нью-Йорк пен Лондонда инвестициялық форумдар өткізілді. Нақты айтатын болсақ, Лондонда 150-ге жуық компания Қазақстанға инвестиция тартуға ниетті екендіктерін байқатты.

Хабар 24 телеарнасы