366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бейбіт әлемді дамыту жолындағы үлесі ерекше атап өтілді

  • 133
  • UPD: 21:29, 09.10.2018

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында Парламент Сенатының төрағасы, Съезд секретариатының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар24».

Соның бірі – БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғары өкілі Насир Абдулазиз Әл-Насермен болған кездесу. Қасым-Жомарт Тоқаев басқосу барысында Астана форумына және Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге көрсеткен көмегі үшін БҰҰ-ға алғысын білдірді. Сосын алда құрылғалы жатқан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессиялар мен өркениеттер диалогы жөніндегі орталығы жайлы сөз қозғады. Бұл бастаманы БҰҰ-ның арнайы өкілі жоғары бағалады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Киелі Тақтың дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесіндегі исламмен байланыс бөлімінің меңгерушісі монсеньор Халед Акашемен кездесті. Бұл басқосуда екіжақты серіктестік жайлы сөз қозғалып, Қазақстанның бейбіт әлемді дамыту жолындағы үлесі ерекше атап өтілді.

Хабар 24 телеарнасы