366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уильям Вендли: Қазір әлем діндер арасында байланыс орнатудың ең алғашқы сатысында тұр

  • 115
  • UPD: 23:37, 10.10.2018

Әлемдік діндер арасында берік көпір орнату бір күннің немесе бір конференцияның атқарар шаруасы емес, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Ол – өте ұзақ процесс. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде «Бүкіләлемдік діндер бейбітшілігі күні» конференциясының бас хатшысы Уильям Вендли осындай пікір білдірді. «Қазір әлем діндер арасында байланыс орнатудың ең алғашқы сатысында тұр. «Сондықтан Астанадағы жиын осы бағыттағы жұмыстың тамырына қан жүгіртеді деген сенімдемін», – дейді мәртебелі қонақ.  

Уильям Вендли, «Бүкіләлемдік діндер бейбітшілігі күні» конференциясының бас хатшысы:

- Қазақстан қазіргі уақытта бір-бірімен ынтымақтасуы үшін әлемдегі барлық діндерге көмек қолын созып отыр. Бізге ең алдымен дін көшбасшыларының арасындағы сенім керек. Ол үшін Астанадағы осынау съездің маңызы зор. Келесі қадам ретінде діни көшбасшылар өз халқына, бірлестіктеріне екінші тарапта жау емес, ниеттес достардың тұрғанын түсіндіруі керек. Ол үшін бір күн, бір конференция, бір апта жете қоймас. Мен бұның өте ұзақ процесс екенін сезіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы