365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Томаш Пэта: Бірнеше мемлекет арасындағы кикілжіңді шешуде Қазақстанның орны ерекше

  • 100
  • UPD: 15:17, 11.10.2018

Бүгін – әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары алтыншы құрылтайының екінші күні, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми отырыс басталмас бұрын мәртебелі меймандар «Бейбітшілік қабырғасы» монументіне барды.

Томаш Пэта, Астанадағы қасиетті Мәриям Архие пархиясы:

– Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік бастамаларын ұсынуға құқылы. Өйткені ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде тыныштық орнауы үшін 20 жылдан астам тынымсыз еңбек етіп келеді. Бұл орайда қазақ көшбасшысы Сирия жерінде соғыстың тоқтауы мақсатында Астанада диалог алаңын ұсынды. Бірнеше мемлекет арасындағы кикілжіңді шешуде Қазақстанның орны ерекше. Түркия мен Ресей арасына арағайындық жасаған қазақ Президентінің еңбегі зор. Сондықтан түрлі дін өкілдерінің Астанада бас қосып, өз ойларын ортаға салуы заңдылық деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы