366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа 20 жыл

  • 118
  • UPD: 15:23, 11.10.2018

Қоршаған ортаның қауіпсіздігі, көліктік-логистика, туризм және құқықтық саласындағы реформаларды іске асыру.

Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанға осы мақсатта жан-жақты қолдау көрсетпек. Бұл ретте, еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуы мен «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары тиімді әріптестіктің бағыт-бағдарын айқындайтын болады. Бұл туралы «Ынтымақтастық және жетістіктер» атты халықаралық конференция барысында айтылды.

Еске салайық, биыл 57 ел мүшелік ететін алқалы ұйым мен Қазақстан арасындағы әріптестікке 20 жыл толып отыр.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Бұрын ЕҚЫҰ-мен олардың негізгі олардың тәжірибесін алып,  олардан үйренетін болсақ, бүгінгі таңда осыдан бастап біз өзіміздің тәжірибемізді басқа елдерге көрсетуге біздің мүмкіншілігіміз бар. Өйткені бәрі бүгін айтып отырғандай осы біздің 20 жылдық әріптестігіміздің ішінде Қазақстан жай ғана өскен емес, өзінің беделін көтерді. Қазір дүниежүзінде халықаралық аренада ең танымал елдердің арасында біздің орнымызды солай бағалап отыр.

Томас Гремингер, ЕҚЫҰ Бас хатшысы:

– Қазақстанның ұлттық және саяси реформалары сынды ауқымды жобаларының тезірек басылымға шығып, олардың тиімді іске асуына көз жеткізгім келеді. Себебі, ұлттық реформаға үлес қосуымыз сіздің елмен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырудың кепілі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы