366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • 153
  • UPD: 12:18, 12.10.2018
Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Президенттер елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуы жөнінде әңгімелесіп, Қазақстандағы биылғы Өзбекстан жылы аясында көп жақты ықпалдастықты тереңдету үшін атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы