366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияның Лордтар палатасы Қазақстанның әлеуметтік бастамаларын талқылады

  • 156
  • UPD: 14:35, 12.10.2018

Біріккен Корольдік парламенті Лордтар палатасының мүшесі Мохамед Итлаф Шейх әсіресе маңызды құжатта көтерілген әлеуметтік мәселелерді шешу жайын тілге тиек етті. 

Айта кету керек, Қазақстан мен Ұлыбритания арасында парламентаралық байланыстар жақсы жолға қойылған. 2017 жылдың маусымында Ұлыбритания парламентінде елімізбен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық топтың жұмысы қайта жанданды. Қос мемлекет сондай-ақ халықаралық аренада да серіктес.

Мохамед Итлаф Шейх, Ұлыбритания парламенті Лордтар палатасының мүшесі:

- Біріншіден, айтқым келгені Президент өз жолдауында халықтың әл-ауқаты туралы сөз қозғайды. Сөйтіп ол үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есеге дейін өсіруді тапсырды. Бұдан миллиондаған халық пайда көреді деген сөз. Екіншіден, ол жаңа жұмыс орындарын ашу туралы айтты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мерзімін ұлғайту арқылы 3 жыл ішінде 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ.

Хабар 24 телеарнасы