360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен «Отандастар» қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті

  • 155
  • UPD: 14:04, 12.10.2018
Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен «Отандастар» қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Отандастар» қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиынға Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров, Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко, Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Қордың президенті Н.Әбіқаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан бизнесінің өкілдері қатысты.

«Отандастар» қоры Мемлекет басшысының 2017 жылғы маусымда өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы бастамасы бойынша құрылған.

Қордың қызметі шет елдерде өмір сүріп жатқан отандастарды, сондай-ақ Қазақстанға қайтып келген этникалық қазақтарды қолдауға арналған.

Қамқоршылар кеңесі отырысында «Отандастар» қорының міндеттері, қызметі мен даму жоспарлары, сондай-ақ қордың қазіргі жұмыстарына қатысты басқа да мәселелер қаралды. 

Хабар 24 телеарнасы