360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев ШЫҰ елдері үкімет басшыларының кеңесіне қатысты

  • 119
  • UPD: 21:52, 12.10.2018

Душанбеде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары кеңесінің XVII отырысына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алқалы жиында Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан премьерлері мен Үндістан және Пәкістанның сыртқы істер министрлері бас қосты. Отырыс әдеттегідей екі форматта өтті. Оның біріншісінде жаһан экономикасының заманауи даму үлгісі талқыға тасталды. Ал екінші дөңгелек үстел форматында өткен басқосуда көпжақты сауда-экономикалық серіктестіктің жай-күйі қаралды. Сондай-ақ қатысушылар киберқауіпсіздік, лаңкестік тақырыбындағы маңызды мәселелерді көтерді. Қазақстандық делегация цифрландыру саласы бойынша тәжірибе алмасып, инвестиция және электронды сауда бойынша серіктестікті нығайту бастамасын ұсынды. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы