366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Ермекбаев Ташкентте өткен ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

  • 205
Н.Ермекбаев Ташкентте өткен ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Жаһандық қауіп-қатер мен лаңкестікті күш біріктіргенде ғана жеңуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ташкентте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті 75-отырысына қатысушылардың ортақ ойы осы. Басқосуда ТМД әскерилерінің 2018 жылы атқарған жұмысы сараланып, алдағы жоспар пысықталды. Жиында тараптар түрлі коммуникациялық жүйелерді талқылып, ТМД елдерінің қарулы күштері үшін машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын сөз қылды. Сосын бірлесіп әскери кадрларды оқыту мәселесін талқылады. Және келер жылы жиын саны 50-ден астам бірлескен әскери-спорттық және жаттығу шараларын өткізуге келісті. Өзбекстан келесі жылы алғаш рет ТМД елдері әскерилерінің әуедегі оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Басқосу аясында еліміздің Қорғаныс министрі бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Сапар соңында Нұрлан Ермекбаев бастаған делегация Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерінің академиясында болып, ондағы оқу процесімен танысты.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

– Отырыс барысында қорғаныс министрлері ұйымның атқарған жұмысы туралы баяндама тыңдады. Қазіргі таңдағы Орталық Азия өңіріндегі қауіп-қатерлер және бағы басқа да өзекті мәселелер туралы баяндама тыңдап, оған баға беріп, тиісті қауіп-қатерлерді анықтап, осындай жағдайда бірлескен іс-қимылдарды іске асыру керек екеніне назар аударды. Атап айтқанда, әскери білім беру саласында, әуе қорғаныс күштерінің іс қимылы туралы және парольдермен алмасу. Бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық туралы сол сияқты келісімге қол жеткізіп, тиісті құжаттарға қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы