389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: Қазақстан бір ғана елдің емес, бүкіл аймақтың мүддесін қорғап отыр

  • 504
  • UPD: 17:39, 28.10.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Орталық Азия аймағына назарын аудартты.

Мұндай пікірді халықаралық ұйым басшылары, саясаткерлер, сарапшылар білдіріп жатыр. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысы басталмай тұрып Орталық Азия аймағының мүдделерін алға жылжытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл мәселе Ауғанстан мен Орталық Азияның аймақтық серіктестігін құруға арналған пікірсайыста да негізгі тақырыпқа айналды.

Махмадамин Махмадаминов, Тәжікстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Орталық Азия қазіргі таңда аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікке байланысты барлық мәселе бойынша ынтымақтасып әрекет етіп келеді. Сондықтан Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде жұмыс істеуі өте жауапты сәт. Сіздің мемлекет бір ғана елдің емес, бүкіл аймақтың мүддесін қорғап отыр. Осы ретте Қазақстан үкіметі мен БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігіне су, климаттың өзгеруі, лаңкестікпен күрес және өзге де мәселелерде қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы