387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы португал тіліне аударылады

  • 359
  • UPD: 19:45, 01.11.2018

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы португал тіліне аударылады. Бұл туралы Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін бразилиялық әріптесімен кездесуінде мәлімдеді.

Латын Америкасындағы бұл мемлекет пен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына биыл 25 жыл. Ал Бразилия сыртқы істер министрі Қазақ жеріне алғаш рет келді. Бүгінде қос мемлекеттің тауар айналымы 135 миллион АҚШ долларына тең. Барлық салада байланыс орнаған. Тіпті Қазақстандық компания Бразилияға уран жеткізу мүмкіндігіне де ие. Екі елдің ауыл шаруашылығы, жасыл энергия салаларында әріптестік орнатуына мүмкіндік мол. Қазір туристік саланы дамыту мақсатында қос мемлекет арасында визасыз режим енгізілген.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бұл көптен күтілген сапар. Және оның елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25-жылдығына орай ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы