389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті терроризм мен сепаратизм қандай жағдайда өршитінін айтты

  • 783
  • UPD: 17:51, 13.11.2018
ҚР Президенті терроризм мен сепаратизм қандай жағдайда өршитінін айтты inform.kz

АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық текетірес кедейшілікті өршітіп, жұмыссыздықтың артуына себеп болады.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Астана клубының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық текетірес көпшілігі ашық түрде сауда соғысы деп атайтын фазаға дейін ушыға түсті. Олардың біреуі әлемдік экономиканың үштен бірі, жаһандық экспорттың 20 пайызы, тікелей инвестиция ағынының үштен бірден астамы тиесілі АҚШ пен Қытайдың арасында орын алуда», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентінің пайымынша, АҚШ пен Қытай арасындағы мұндай экономикалық текетірес әлемдік экономика өсімінің төмендеуіне алып келеді. Ал оның салдарынан әсіресе дамушы елдерде жағдай нашарлай түседі.

«Кедейшілік тереңдей түсіп, жұмыссыздық арта түседі. Мұның барлығы да терроризм, миграция және сепаратизм үшін жақсы негіз болады. Ауғанстанда дәл осылай басталды. Соңғы жылдары орын алып отырған есірткі қылмысы, терроризм мен экстремизм, 1979 жылы басталған соғыстың салдары», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Елбасы жиын барысында Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келе жатқанын айтып, Ресей, АҚШ және Қытай арасындағы геосаяси бәсекелестікке алаңдаушылық танытты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік державалар қарулану жарысына қайта оралуы мүмкін екендігін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы