385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоб Обианг Қазақстанның БҰҰ-дағы белсенділігіне ризашылығын білдірді

  • 563
  • UPD: 13:51, 17.11.2018

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Африка мен Таяу Шығыстағы ахуал талқыланды.

Кеңеске мүше елдер Қазақтанның бұл мәселе жөніндегі сындарлы ұстанымын тілге тиек етіп отыр. Еліміз маңызды резолюциялардың қабылдануына үлес қосуда. Экваторлық Гвинеяның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Хоб Обианг Қазақстанның ұйымдағы белсенділігіне ризашылығын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Африкада орналасқан бұл мемлекет Қауіпсіздік кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі.

Хоб Обианг, Экваторлық Гвинеяның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары:

- Бүгін Конго мемлекетіндегі сайлау туралы сөз қозғадық. Сонымен қатар Сирия және Палестина мәселелері де талқыланды. Әлемнің ядролық қарудан азат болуы – қауіпсіздіктің кепілі. Сондықтан бәріміз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Осы орайда Қазақстанның қосқан үлесі зор. БҰҰ-дағы Қазақстан өкілдерімен тығыз серіктестік орнаттық.

Хабар 24 телеарнасы