380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Г.Церетелимен кездесті

  • 639
  • UPD: 16:26, 19.11.2018
Н.Нығматулин ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Г.Церетелимен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелимен кездесті.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Қазақстан Парламенті ЕҚЫҰ ПА-мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен мән беретінін айтты.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Парламенттік Ассамблеяның сұхбат алаңы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін сындарлы парламентаралық үнқатысудың тиімді құралы ретінде қолданылуы қажет. Олардың бірі трансұлттық проблемалар мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау. Осы ретте Палата Спикері Елбасымыз Н.Назарбаевтың БҰҰ бастамасымен Терроризмге қарсы жаһандық желіні құру туралы, сондай-ақ осы жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте қол қойылған Терроризмнен азат әлемге қол жеткізуге арналған мінез-құлық Кодексінің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Георгий Церетели Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен қазақстандық парламент өкілдері арасындағы тиімді қатынас туралы айта келіп, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде маңызды рөл атқарғанын, әрі үнемі өте маңызды және сенімді кәсіби әріптес бола білгенін атап өтті. ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қадамдарына ерекше назар аударып, әсіресе Әлемдік діндер съезін өткізу туралы бастамасына жоғары баға берді.

- Бұл өте маңызды, себебі ол радикализм, діни төзбеушіліктің көріністері сияқты қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған. Біз сондай-ақ Қазақстан парламентімен арадағы байланысты жоғары бағалаймыз, - деді Георгий Церетели.

Өзара ынтымақтастық туралы айта келе Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының өкілдерінің келесі жылы Астанада өтетін Еуразиялық парламенттері спикерлерінің Төртінші Жиналысына қатысуы бүкіл Еуразия кеңістігінде өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайты

Хабар 24 телеарнасы