385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері бойынша заң жобасы талқыланады

  • 991
  • UPD: 13:29, 22.11.2018

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң жобасымен 11 кодекс пен 40 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Әсел Тұмашқызы, тілші:

– Күн тәртібіндегі мәселеге өтпес бұрын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының күні кеше жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» туралы мақаласына тоқталды. Оның мәні мен маңызын атап өтіп, төменгі палата депутаттарына алдағы уақытта Елбасы жүктеген міндеттерді бірге жүзеге асыруға сенім білдірді. Бүгін мәжілісмендер 8 құжатты қарайды. Оның бесеуі, яғни 5 заң жобасы бойынша қорытынды әзірленген. Осы уақытқа дейін екі құжат ратификацияланды. Сондай-ақ тағы екі заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойыша Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов баяндама жасады. Руслан Ерболатұлы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты «республикалық маңызы бар қалалар» сөздерімен ауыстыруды ұсынды.

Қос қалаға қатысты салық мөлшерлерін өзгерту үшін салық кодексіне өзгертулер енгізу көзделген. Ол бірден жүзеге асырылмайды. Яғни 2020 жылдың қаңтарынан бастап өтпелі кезеңімен күшіне енгізу ұсынылды. Бұдан бөлек, депутаттар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында сұрақтарын қойды. Әсіресе, соттардың жетіспеуі жайы сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы