388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада халықаралық парламенттік конференция өз жұмысын бастады

  • 711
  • UPD: 14:28, 26.11.2018

«Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы».

Дәл осындай тақырыпта елордада халықаралық парламенттік конференция өз жұмысын бастады. Ол еліміздің Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында ұйымдастырылған. Жиынға еліміздің халық қалаулыларымен қатар алыс-жақын шет елдердің парламент мүшелері, сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері келген. Олар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын және бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттау мәселелерін талқылап, қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Зияфет Аскеров, Әзербайжанның Милли Меджлисі төрағасының орынбасары:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақта және әлемде бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін өте жоғары бағалаймыз. Осы бағытта бірнеше игі бастама көтерді. Мәселен, қарусыздану саясаты, лаңкестікке қарсы күрес, сонымен қатар Каспий маңы елдерінің тарихи келісімге келуі. Осының бәрінде Назарбаевтың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстан мен Әзербайжан арасында жағымды қарым қатынас орнаған. Бұл байланыстардың негізін Нұрсұлтан Назарбаев пен біздің бұрынғы басшымыз Гейдар Әлиев қалаған болатын. Біз оны нығайта түсуге ниеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы