385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ бітімгерлерінің 80 пайызы Африкада қызмет етеді

  • 421
  • UPD: 13:41, 26.11.2018
БҰҰ бітімгерлерінің 80 пайызы Африкада қызмет етеді

Халықаралық ұйымдағы әйел полицейлердің үштен екісі осы құрлық өкілдері.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді. Оның айтуынша, Африка Қауіпсіздік кеңесінің әрдайым назарында. «Бұл құрлықтағы басты қауіптер трансұлттық қылмыс, лаңкестік және қарулы топтар. Тіпті олар бітімгерлерге де қарсы бағытталған», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттереш. Осыған байланысты Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Африкадағы бейбітшілік пен қаіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылымдық реформаларды жүргізуді ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстан Африкалық одақта бақылаушы мәртебесіне ие.

Қайрат Омаров, ҚР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Қазақстан БҰҰ мен Африкалық одақтың осы құрлықта бейбітшілік, тұрақтылық және дамуға бағытталған ынтымақтастығын қолдайды. Біз белгілі келісімшарттарды қолдана отырып, бітімгерлік операцияларды жетілдіруіміз қажет. Ол үшін дипломатия мен келіссөзге жүгінуіміз керек. Африкалық одақтағы бақылаушы мемлекет ретінде біз бұл ұйымның әлеуетін нығайтуды қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы