380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин мен Н.Исмоилов меморандумға қол қойды

  • 834
  • UPD: 16:21, 26.11.2018

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Өзбекстанның Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Заң шығарушы палатасының спикері, біздің елімізге екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы ресми сапары аясында қол қойылды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин екі ел арасындағы ынтымақтастық өте жоғары деңгейде екенін атап өтті. Нурдинжон Исмоилов та екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде парламентаралық байланыстың нығая беретініне сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы