383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте БҰҰ мен ШЫҰ ынтымақтастығына арналған форум өтті

  • 420
  • UPD: 13:59, 29.11.2018

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Шанхай ынтымақтастығы ұйымының терроризм мен экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымымен күрестегі маңызды орнын атап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форумға қатысушылар түрлі қауіп-қатерге төтеп беруде аталған ұйымдардың бірлесе әрекет ету мәселесін талқыға салды. ШЫҰ құрылғаннан бері Қазақстан оның жұмысына белсенді түрде қатысып, маңызды жобалар мен құжаттарды ұсынған. Оның ішінде аймақтық қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастық, транзиттік әлеует пен мәдени байланысқа ерекше көңіл бөлінді.

Антониу Гутерреш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық дипломатияда жетекшілік етіп, көпжақты ынтымақтастықтың дамуына және Еуразияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жағдай жасап отыр. Өзге аймақтық құрылымдармен салыстырғанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы саны жағынан ең көп – 3 миллиард адамды біріктірді. Бүгінде әлем жылдам әрі түпкілікті өзгеріп келеді. Осы ретте ауа райының өзгеруі, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы секілді көптеген елдерге қатысты қауіп-қатерлерге төтеп беру үшін үйлестірілген шешімдер қабылдау қажет.

Хабар 24 телеарнасы