384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент Астана процесін жіті бақылап отыр

  • 435
  • UPD: 14:00, 29.11.2018
Еуропарламент Астана процесін жіті бақылап отыр

Елордамызда өтіп жатқан Астана процесі күллі әлемнің назарын өзіне аударды.

Жиын барысын Еуропарламент те жіті бақылап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ұйым мүшелері бұл бейбіт келіссөздер Сирияның қазіргі президенті Башар Асад үшін неліктен осыншама маңызды екені қызықтырады. Десе де Еуропарламенттің басты заң шығарушы органы Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер сәтті аяқталып, түйткілді мәселелер шешілетініне үміт артып отыр.  

Андрей Мамыкин, Еуропарламент депутаты:

- Сириядағы жағдай өзгереді деген үміт бар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл жиынға жақсы дайындалған. Қатысып жатқан делегациялар мен ұстамды оппозиция өкілдері маңызды мәселелерді қозғап жатыр. Дәл осындай раунд бұрын-соңды өтпеген деп ойлаймын. Күн тәртібінде Сирияның аумақтық тұтастығы кеңінен талқылануда. Бұл тұрғыда біраз дипломатиялық әрекеттер қолға алынып жатыр. Сондықтан ерте ме, кеш пе, Сирияда бейбіт өмір басталатынына сенемін. Ал бейбіт келіссөздер Башар Асад үшін ғана емес, елдің ахуалын жақсарту үшін қажет. Азамат соғысы басталмай тұрып Сирия халқының саны 24 млн-ға жеткен. Соғыс салдарынан өзге елге бас сауғалап кеткендері қаншама. Олардың көбі елде тыныштық орнаса, туған өлкесіне оралуға асық. Бұл – сириялықтардың ең негізгі талабы. Сондықтан жаңадан құрылатын Сирияның жаңа конституциялық комиссиясына үлкен үміт артамыз.

Хабар 24 телеарнасы