376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Жамаубаев ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

  • 1448
  • UPD: 17:48, 29.11.2018
Е.Жамаубаев ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Е.К.Жамаубаевты ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Е.К.Жамаубаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                     Н.Назарбаев

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Елбасының Өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

Хабар 24 телеарнасы