383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А. Мамыкин: Қазақстан халықаралық сахнада ықпалды мемлекетке айналды

  • 447
А. Мамыкин: Қазақстан халықаралық сахнада ықпалды мемлекетке айналды

Еуропалық Парламент депутаты, Сыртқы істер комитетінің мүшесі Андрей Мамыкин Қазақстанның бүгіні туралы ой қозғап, ел де мерейлі, Елбасы да беделді деп баға берді.

Қазақстан Президентінің бастамалары мен еңбегіне тоқталды.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

– Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы ең алдымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Ол – егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезіндегі барлық қиындықтарды басынан кешірген тұлға. Бірақ осыған қарамастан, сіздің елдің туын халықаралық сахнада биікке асқақтатты. Қазақстан ширек ғасыр ішінде Орталық Азия аймағындағы көсбасшыға, ал халықаралық сахнада ықпалды мемлекетке айналды. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мемлекетке сіңірген еңбегі орасан зор. Осы ретте өз атымнан Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр және сіздің мемлекетке гүлдену тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы