387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі атқарған жұмысы қорытындыланды

  • 555
  • UPD: 23:29, 06.12.2018
Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі атқарған жұмысы қорытындыланды

Еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі кезінде 2 жыл қатарынан атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аралықтағы ең ауқымды отырыс «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» мәселесіне арналған болатын. Оған Елбасының өзі төрағалық етті. Тағы бір маңызды кездесу ретінде министрліктер пікірталасын айтуға болады. Еліміз тақырыптық басқосулар өткізіп қана қоймай, «Қарудан азат әлемге қол жеткізу» кодексін де әзірледі. Құжатты әлемнің 74 елі қолдап, қабылдады. Бұл шараларды көпшілік құптап отыр. Мәселен, Бельгия сарапшысы Берт Верместен қазақ көшбасшысының Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі тарихи шешімін маңызды деп санайды. Сондай-ақ дипломаттар мен сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ, Ресей және Қытай мен Еуроодақ көшбасшыларына жариялаған үндеуін ерекше атап өтті. Онда Президент жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселесін шешудің жаңа тәсілін іздестіру мәселесіне мән берген.

Борис Ярошевич, Еуропа сыртқы байланыс қызметінің Орталық Азия жөніндегі басқарма басшысы:

- Еуроодақ, Қытай мен Ресей және АҚШ-тың кездесуі өте жақсы идея. Біз осы төрт державаның мүдделерін тоғыстыру бағытында жұмыс істеуіміз керек. Сонда нақты жетістікке қол жеткіземіз. Бұл ретте Еуроодақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы кезінде қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалайды. Біз әрі сіздердің елдеріңіздің кейбір шиеленіскен жайттарды шешудегі атқарған еңбегін жақсы білеміз. Сондай-ақ Сирия мен Ауғанстандағы ахуалды реттеуге де өлшеусіз үлес қосып отырсыздар.  

Хабар 24 телеарнасы