388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Көрші елдерде барлығы жақсы болуына тілектес болу маңызды

  • 1062
  • UPD: 09:21, 08.12.2018

Көрші елдермен достық және тату қарым-қатынастың орыны бөлек. Елбасы сол арқылы елдің еңсесін тіктеуге және экономиканы жандандыруға болатынына сенім білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы ресейлік телеарнаға берген сұхбатында айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанды Орталық Азиядағы көршілес елдерден, Ресейден бөлек алып қарауға болмайды. Біздің Ресеймен және Қытаймен шекарамыз айтарлықтай ұзын. Еліміздің дамуы көршілердің дамуымен біте қайнасып жатыр. Солардағы ахуал бізге де әсер етеді. Сол себепті өзімізге тілеген жақсылықты оларға да тілейік. 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Қазақстан үшін стратегиялық әріптес екеніне ерекше тоқталды.

«Бүгінде көрші елмен барлық сала бойынша тығыз қарым-қатынас орнаған. Әсіресе 7 жарым мың шақырымды құрайтын шекара бекітілді, Байқоңырға қатысты барлық түйткіл шешілді және сауда-саттық қызу жүріп жатыр. Бұдан екі ел экономикасының ұтар тұсы көп», - дейді Президент.

Хабар 24 телеарнасы