387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев: Байқоңырға қатысты мәселе Путинмен арадағы ізгі қарым-қатынастың арқасында шешілді

  • 686
  • UPD: 13:09, 08.12.2018

Қазақстан Президенті Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты қиын кезеңдерді еске алды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ресей телеарнасына берген сұхбат кезінде айтты.

«Айталық, Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты мәселе туындады. Мұның бәрі Владимир Владимирович Путинмен бүгінге дейін жалғасып жатқан арадағы сенім, ізгі қарым-қатынастың арқасында шешімін тапты. ТМД мен ЕАЭО бойынша мәселелердің барлығы дәл осылай шешіліп отыр. Көрші елдермен қарым-қатынаста әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Осының барлығын біз интеграциялық бірлестікте бірігіп шешеміз», – деді Н.Назарбаев.

Хабар 24 телеарнасы