384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ Бас хатшысы елімізді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

  • 416
  • UPD: 23:42, 13.12.2018

Қазақстан ширек ғасырдан асатын уақыттың ішінде дамудың жүз жылға татитын кезеңінен өтті. Елдің халықаралық деңгейдегі беделі жоғары, бастамалары нақты әрі салмақты. Елімізді тәуелсіздік күнімен құттықтаған Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Рашид Алимов осылай деді.

Оның айтуынша құрылғанына 17 жыл болған ШЫҰ-ның қалыптасуы Қазақстанмен тығыз байланысты. Сондықтан ұйым басшылығы елдің маңызды оқиғаларын назардан тыс қалдырмайды.

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас хатшысы:

- Біз Қазақстанның ШЫҰ-ның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Қазақстан мықты болса біздің ұйым да мықты болады. Сондықтан бауырлас халқымыз дамудың жаңа белестерін бағындыра берсін. Президенттеріңіз алға қойып берген мақсаттарға жетіңіздер. Елде береке мен бірлік болсын.

Хабар 24 телеарнасы