387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Полидорас: Қазақстан халықаралық қауымдастық алдында өзін белсенді ел ретінде мойындатты

  • 370
  • UPD: 23:36, 15.12.2018

Тәуелсіздік күніне орай халқымызды грек саясаткерлері де құттықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Грекия парламентінің экс-спикері Вирон Полидарос: «соңғы жылдары Қазақстан экономикалық тұрғыда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, халықаралық қауымдастық алдында өзін белсенді ел ретінде мойындата білді», – дейді.

Вирон Полидорас, Парламенттің бұрынғы спикері, қоғамдық қайраткер:

- Қазақстан қарқынды дамып келеді. Жаңа технологиялар енгізіліп, инвестициялар тартылып жатыр. Халықтың табысы да артты. Жуырда жарыққа шыққан Елбасының мақаласын да ерекше атап өткім келеді. Онда автор Ұлы даланың тарихын сақтап қалудың маңыздылығын айтқан. Ал Президенттің ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімі ең басты жетістігі деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы