387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің Тәуелсіздік күні Нью-Йоркте тойланды

  • 740
  • UPD: 23:36, 15.12.2018

Қазақстанның Тәуелсіздік күні Нью-Йоркте де кеңінен аталып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ-ға мүше 192 елдің өкілі Қазақстан елшілігі ұйымдастырған салтанатты шараға жиналды. Мерекелік жиында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланды. Ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров еліміз ұсынған жаһандық бастамаларға үн қосқан барлық әріптес мемлекеттерге алғысын білдірді.

Эльбио Росселли, БҰҰ жанындағы Уругвайдың тұрақты өкілі:

- Қазақстанның Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Елдеріңіз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің белді әрі белсенді мүшесі. Қазақстан халықаралық қарым-қатынасты нығайтуға және Қауіпсіздік кеңесінің болашақ жоспарларын айқындауға салмақты үлес қосты. Сондықтан Қазақстанның пікіріне құлақ түру маңызды деп білемін.

Яшар Алиев, БҰҰ жанындағы Әзербайжанның тұрақты өкілі:

- Бауырлас қазақ халқын осынау айтулы мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде ауқымды іс атқарды. Халықаралық аренада Қазақстанның рөлі күннен-күнге артып келеді. Қазақстандықтарға толағай табыс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы