387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Федоров: Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналды

  • 663
  • UPD: 23:36, 15.12.2018

Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас директоры Валерий Федоров та арнамыз арқылы барша қазақ халқына құттықтауын жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол егемендек алғаннан бергі 27 жылда Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналғанын айтады.

Валерий Федоров, Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас директоры:

- Біз Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығында Ресей халқының Қазақстан жайлы пікірін зерттейміз. Қазақ елі – барлық салада қарқынды дамып жатқан экономикасы мықты держава. Нұрсұлтан Назарбаев көшбасшы ретінде өте маңызды рөл атқарып отыр. Ресейде оны сенімді серіктес және еуразиялық интеграцияның идеологы ретінде жақсы таниды. Қазақстан халқын мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, одан әрі өркендеп дамуын тілеймін.   

Хабар 24 телеарнасы