384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Ұлтаралық тыныштық – экономикалық өсімнің тірегі

  • 623
  • UPD: 23:36, 15.12.2018

Еуропарламенттің Бас ассамблеясы директорлар кеңесінің мүшесі және Украина сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Геннадий Чижиков те Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономист: «Егемендік жылдары Қазақстан экономикасы қаржылық дағдарысты еңсеріп, тұрақты даму жолына түсті», – деп пікір білдірді. Бұл орайда «ұлтаралық татулық пен елдегі дінаралық келісім – экономикалық өсімнің де кепілі», – деп ой сабақтады. Оның айтуынша Қазақстан экономикасындағы оң өзгерістерге шетелдік сарапшылар жоғары баға беріп отыр.

Геннадий Чижиков, Украина сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті:

- Украина сауда-өнеркәсіптік палатасы және Украина бизнесінің атынан Қазақстан және оның халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Егемендік жайын сөз еткенде, мемлекеттің өткені мен болашаққа қойған жоспарына назар аударасың. Алыстан отырып, біз Қазақстанның жетістіктерін байқаймыз. Ел экономикасына тартылған млдр-таған инвестиция, жаңа салынған өнеркәсіп орындары, кадр дайындау, Астана сияқты жаңа қала салу – ұлт лидерінен бастап сала мамандарының сапалы әрі жүйелі еңбегінің нәтижесінде жүзеге асып жатыр.

Александр Охрименко, экономист:

- Экономикадағы жетістік пен жеңістер көп жағдайда іштегі тұрақтылық пен дінаралық келісімге тікелей байланысты. Айталық, қазіргі күні әлемде мемлекетаралық жанжал ушығып тұр, алысқа бармай Украинаның жағдайында экономика көбіне саяси қақтығыстардың салдарынан өсім бермей тұр. Ал Қазақстандағы саяси тұрақтылық ұлт пен ұлыс арасындағы тату қоғам құруға тікелей сеп болды.

Хабар 24 телеарнасы