385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХҚЕК Консультативтік кеңесінің төрайымы: Қазақстан биік белестерді бағындырды

  • 760
  • UPD: 23:34, 15.12.2018

Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен Халықаралық қатынастар бойынша Еуразиялық кеңес Консультативтік кеңесінің төрайымы Бенито Ферреро-Вальднери де құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық Азияда логистикаға, жеке кәсіпкерлікті дамытуға және құқық үстемдігіне үлкен көңіл бөліне бастағанын айтқан саясаткер: «өңірдегі осы үдерістердің көш басында Қазақстан тұр», – дейді.

Бенито Ферреро-Вальднер, ХҚЕК Консультативтік кеңесінің төрайымы:

- Мен ерекше сүйіспеншілікпен Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Меніңше, ел соңғы 27 жылда биік белестерді бағындыра білді. Өз басым мемлекеттің негізі қаланғалы бері оның жеткен жетістіктеріне куә болып келемін. Жақында ғана Астанаға барып, бәрін өз көзіммен көріп, тағы да куәсі болып қайттым. Мен Қазақстан халқы және Президенті үшін өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы