387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент депутаттары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 640
  • UPD: 11:49, 16.12.2018

Еуропарламент депутаттары елімізді тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясткерлер Қазақстанның жетістіктеріне тоқталып, мемлекетіміздің Орталық Азия және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

Ивета Григуле, Еуропарламент депутаты:

- Қазақстанның аймақтағы және әлемдегі қауіпсіздікті әрі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі еңбегі өте маңызды. Қазақ елі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, ал Қазақстан бейбіт ниеттегі келіссөз алаңына айналды. Сондықтан Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі зор. Осы ретте Қазақ елін төл мерекесімен құттықтаймын. Биіктен көріне беріңіздер.

Андрей Мамыкин, Еуропарламент депутаты:

- Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Қазақ елінің әр отбасына бақыт-береке тілеймін. Қазақстанның аймақтағы ғана емес әлемдегі бейбітшілік үшін қосып келе жатқан үлесі зор. Меркелеріңізбен, құрметті қазақстандықтар!

Хабар 24 телеарнасы