386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау өткізді

  • 904
  • UPD: 13:31, 16.12.2018

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік іс-шараға Өзбекстан үкіметінің мүшелері, депутаттар мен бизнес өкілдері қатысты. Қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық корпустардан қонақтар келді. Қазақ диаспорасы да атсалысты. Қабылдау кезінде Қазақстанның Өзбекстандағы уақытша сенімді өкілі Фархат Әбдіхалықов еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бергі аралықта жеткен жетістігіне тоқталды. Қазақстан Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мен Елбасының сырты саясаттағы бастамаларына ерекше назар аударды. Президент жолдауы мен Нұрсұлтан Әбішұлының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жұртқа кеңінен түсіндіріп берді. Қатар қонған бауырлас елдің бірлігін атап өтті.

Илхомжон Неъматов, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Ең алдымен Өзбекстан үкіметі атынан Қазақстан халқын -Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Қазақ халқы биік шыңдарды бағындырып, үлкен жетістіктерге жетіп, бұдан да өркендей берсін. Өзбекстан Қазақстан мен арадағы қарым-қатынасты жандандыруға үлкен мән беріп отыр. Қазақ-өзбек байланысы стратегиялық әріптес елдер ретінде дамып келеді. Байланысымыз ажырамастай бекемделіп, тұрақты түрде дамып келеді.

Фархат Әбдіхалықов, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі:

- Жетістіктердің барлығы осы ел басылардың арқасында. Президенттер өткен жылы 7 рет кездесті. Осы жылы 5 рет кездесіп жатыр. Оның барлығы өз үлесін беріп жатыр. Енді мынау сауда жағына келсек алдымызға мақсат қойған 2020 жылға 5 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр. Бүгінгі деңгейде 2018 бен санап шықсақ жобалап алғанда 3 миллиард долларға келейін деп отыр. Одан да асып кетеді. Сол себептен қойған мақсаттардың бәрі орындалып жатыр. Болашақта Қазақстан мен Өзбекстан тағы да көптеген жетістіктерге жетеді.

Хабар 24 телеарнасы