387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы өміріндегі ең қиын сәт туралы айтып берді

  • 828
  • UPD: 15:32, 16.12.2018
Елбасы өміріндегі ең қиын сәт туралы айтып берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрағаттық сұхбаты Ақорданың ресми Facebook парақшасында жарияланды.

«Ең қиын сәт - ол сенің шешіміңе бүкіл бір халықтың тағдыры тәуелді болуы. Қаншалықты қиын болды және не себепті? Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бізде 130 халық өкілдері тұрады. 45 діни конфессия бар. Осы жағдайды ескерсек, тәуелсіздікті жариялау оңайға соқпады», - деп елдің тәуелсіздігін жариялау қаншалықты қиын шешім болғанын атап өтті Елбасы.

Президенттің сөзінше, халықтың өзі тәуелсіздікті жариялау керегін түсінуге тиіс еді.

Елбасы сол кездегі дағдарыстың күшті болғанын, барлық нәрсе тапшы болғанын еске алды.

 

Хабар 24 телеарнасы