386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рори Кин еліміздің БҰҰ ҚК-де атқарған жұмыстарына баға берді

  • 449
  • UPD: 15:22, 17.12.2018

БҰҰ-ның бейбітшілік және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Рори Кин Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде атқарған жұмыстарын жоғары бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол екі нәрсеге тәнті болыпты. Алғашқысы – Қауіпсіздік кеңесі делегациясының Ауғанстанға баруы. Ушыққан аймақтағы жағдайды реттеуге Қазақстан тарапы ұйытқы болды. Екіншісі – қарусыздануға қатысты бастама. Қазақстанның бұл идеясы негізінде халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күні бекітілді.

Рори Кин, БҰҰ-ның бейбітшілік және қауіпсіздік мәселесі жөніндегі бөлімінің басшысы:

- Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі соңғы 2 жылда атқарған жұмыстары үшін алғысымды білдіремін. Бұл тынымсыз еңбек пен жетістіктерге толы кезең болды. Осы ретте Қазақстан басты назар аударған 2 маңызды мәселеге тоқтала кеткен жөн. Оның бірі – биыл қаңтар айында қазақ елінің ұйымдастыруымен Қауіпсіздік кеңесі делегациясының Ауғанстанға сапары. Екіншісі – сіздің мемлекеттің ядролық қарусыздануға қосқан зор үлесі.

Хабар 24 телеарнасы