386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Тәуелсіздік күні Парижде аталып өтті

  • 1198
  • UPD: 00:53, 18.12.2018

Франция астанасында Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шараға француз саясаткерлері, бизнесмендер, мәдениет қайраткерлері, дипломаттар және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Жиында Қазақстанның жетістіктері айтылып, екі мемлекеттің 10 жылдық стратегиялық ынтымақтастығы қорытындыланды. Мысалы биыл қос ел арасында маңызды құжаттарға қол қойылды. Қазақстан экономикасына жарты миллиард еуро инвестиция тартылды. Парижде алғаш рет Наурыз мейрамы аталып өтті. Француз саясаткерлері Қазақстан Францияның сенімді серіктесіне айналғанын айтып отыр.

Натали Гуле, «Франция-Орталық Азия» достығы тобының төрағасы:

Тәуелсіз мемлекет болу өте маңызды. Әсіресе, мәселе халықтың, елдің экономикалық мүдделеріне қатысты болған кезде. Екі мемлекет арасындағы достықтың мәні зор екенін атап өту керек. Біз екіжақты ынтымақтастықты аймақтық деңгейде күшейтуді көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы