389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегия еліміздің ядролық қаруға қарсы ұстанымына жоғары баға берді

  • 505
  • UPD: 13:27, 18.12.2018
Норвегия еліміздің ядролық қаруға қарсы ұстанымына жоғары баға берді

Норвегиялық саясаткерлер мен дипломаттар Қазақстанның ядролық қаруға қарсы тұру бастамасына жоғары баға берді.

Семей ядролық полигонының жабылуы - елдер мен ұлттардың жаппай қырып-жою қаруынсыз да бейбіт күн кеше алатынын көрсете білді. Ослода «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымның вице-президенті Торе Вестбидің айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде еліміздің ядролық қаруды бейбіт мақсатта қолдану бастамасы ең сәтті жұмысы болды.

Торе Вестби, «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымның  вице-президенті: 

- Қазақстан өзінің ядролық полигонын жауып, кез келген мемлекет ядролық қарусыз өмір сүре алатынын дәлелдеді. Мұндай қадамға бейбіт түрде әрі өз еркімен барды. «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымында жұмыс істегенде Қазақстанның бастамасымен құрылған «АТОМ» халықаралық жобасы туралы білдім.  Бірнеше жыл бойы осы жобамен бірге жұмыс істейміз. Қазақстан өз ісін мінсіз атқарады, уәдеге берік ел екеніне көзім жетті. Аты әлемге танылған суретші Кәріпбек Каюповпен жақсы таныс едім. Оның туындылары әлі күнге дейін үйімнің сәнін келтіріп тұр.

Оле Йохан Бёрной, Орталық Азия елдеріндегі Норвегия Елшісі: 

- Қазақстан мен Норвегия көп жылдар бойы қарусыздандыру мен ядролық қару-жарақты таратпау саласында бірлесе жұмыс атқарып келеді. Болашақта да осы ұстанымды әрі қарай жалғастырамыз деген ойдамын. Семей полигонының жабылуы әлемнің өзге елдеріне керемет үлгі болды. Төл мерекелеріңізбен және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде екі жылдық жұмыстарыңыздың нәтижесімен шын жүректен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы